Ролик нейрожелі арқылы жасалған
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірі мен саяси қызметіне арналған ерекше видео әлеуметтік желілерде кең таралып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ролик нейрожелі технологиясы арқылы жасалған және Президенттің жастық шағынан бастап қазіргі күнге дейінгі саяси жолын визуалды түрде көрсетеді.
Видеода мемлекет басшысының өміріндегі маңызды кезеңдер қамтылған:
Жасанды интеллект арқылы құрастырылған видео Тоқаевтың бейнесінің өзгеруін де нақты көрсетеді – жастық шағынан бастап қазіргі ресми келбетіне дейін.
Бейнежазба көпшіліктің қызу талқысына түсті. Пікір білдірушілердің басым бөлігі президентке жылы лебіздерін арнап, оның парасатты тұлға екенін атап өтті: «Жүрегіме мақтаныш сезімі ұялады», «Президентіміз – білімді, елге адал, көреген адам. Денсаулығы мықты болсын!»– деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биыл 17 мамырда 72 жасқа толды. Мемлекет басшысының баспасөз қызметі оның туған күніне байланысты ешқандай ресми салтанат ұйымдастырылмайтынын хабарлады.