Қазақстанның кей өңірлерінде өрт қаупі пайда болды
Қазақстанда ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Жаңбыр, бұршақ, найзағай, екпінді жел болуы мүмкін, сол сияқты жекелеген өңірлерде өрт қаупі бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыздығын болжап отыр. Метеорологиялық қызметтер әртүрлі өңірлерде жаңбыр, бұршақ, найзағай, екпінді жел және өрт қаупінің жоғары болатынын хабарлады.
«Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, өрт қауіпі жоғары аймақтарда сақ болыңыз», - делінген синоптиктер болжамында.