Екі көліктің қандай жағдайда соқтығысқаны белгілі болды
Астана мен Көкшетау арасындағы автобан жолында адам шошырлық жол апатынан кроссовердің жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің мәліметінше, Астана-Көкшетау тас жолында болған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала мәлімет бойынша, Hyundai Tucson көлігінің жүргізушісі Астана бағытына қарай қозғалып келе жатып, алдында бір бағытта кетіп бара жатқан жүк көлігі – Hyundai автокөлігімен соқтығысқан.
«Соқтығыс салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта тиісті тексеріс жүргізілуде.
Астана қаласының Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді», - делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бүтін бір отбасы қаза тапқаны хабарланған болатын.