Жүргізілген іс-шаралар барысында 200 килограмм аммиак селитрасы тәркіленді
ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымы арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жүргізілген іс-шаралар барысында 200 килограмм аммиак селитрасы (60 килограмм тротилдік баламасында), сондай-ақ 200 дана жарылғыш-капсуласы бар детонациялық сымдар табылып, тәркіленді.
Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған заттар заңсыз іздеу әрекетінде пайдалануға арналған.
Қылмыстық кодекстің 287-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.