Оқыс оқиға «Шығыс 2» және «Шығыс 3» шағын аудандарының аралығында болған
Ақтауда мектеп оқушыларын көлік қағып кеткеннен кейін ғана оқиға орнына жылдамдық бәсеңдеткіш орнатылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оқыс оқиға «Шығыс 2» және «Шығыс 3» шағын аудандарының аралығында болған.
Басылым мәліметінше, екі баланы көлік қағып кеткен күннің ертеңінде жолға жылдамдық бәсеңдеткіш орнатылды.
Айта кетейік, Ақтауда жолаушылар өткелінен өтіп бара жатқан екі баланы көлік қағып кеткен болатын. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің бірі ауруханаға ес-түссіз жатқан күйде жеткізілген.