Алматыға таяу маңда жер сілкінісі болды

Автор: Асыл Арман

Жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласының оңтүстік-шығысында орналасқан

Фото: istockphoto.com

2025 жылғы 16 мамыр күні Астана уақытымен сағат 05:12-де Қазақстан Республикасы ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 253 км жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Координаттары: 42.235° солтүстік ендік, 79.698° шығыс бойлық.

Мамандардың есептеуі бойынша, Қазақстан аумағында жер асты дүмпуін сезіну үшін күші жеткіліксіз болды.