Димаш Құдайберген Сәкен Сейфуллиннің әніне арнап түсірген бейнебаянын жариялады (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Премьераның шығуына орай Димаш челлендж жариялады

Фото: Видеодан скрин

Белгілі әнші Димаш Құдайберген ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің әйгілі «Тау ішінде» әнін заманауи стильде орындап, клип түсіріп, желіде жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әннің, бейнеклиптің анонсы жуырда жарияланған болатын.

«2025 жылдың 15 мамырында Димаш Құдайберген белгілі қазақ ақыны әрі жазушысы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің әніне түсірілген жаңа бейнебаянның тұсауын кесті.

Премьераның шығуына орай Димаш челлендж жариялады: трекке түсірілген ең қызықты және көп қаралған видео үлкен сыйлыққа ие болпды!

Қорытындысы 26 мамырда Алматыда өтетін концертте/фан-кездесуде жарияланады», - делінген dimash.news жазбасында.