Ол ширек финалда жапониялық теннисшімен сынға түседі
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс ITF W50 сериясында Жапонияның Курум жерінде өтіп жатқан турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отандасымыз бірінші айналымда жапониялық Кису Йошиокты (6:4, 6:0), ал екіншісінде оның отандасы Лиза-Мария Риуді (6:1, 6:3) есебімен жеңді.
Енді ширек финалда Зарина Дияс тағы бір жапониялық Момоко Коборимен сынға түседі.