Ол ене мен келіннің қарым-қатынасы қандай болуы керек екенін көрсетті
Желіде келінін еркелеткен әйел адамның әрекеті жұрттың ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көшеде кетіп бара жатқан әйел адамнан бойжеткендердің бірі «келініңізге жақсы көремін деп айта аласыз ба?» деп сұрайды. Сол сәтте ол келініне хабарласып, былай дейді:
«Жүрегімнің ішіндегі жүрегім. Жаным менің, күнім менің, қуатым менің. Қалай, жағдайың жақсы ма? Жақсы көрем ғой мен сені. Ақылды ғой менің келінім. Өмірімнің жалғасы, балапанымның бақыты. Сөйлей алмай қалдың ғой. Құдай бере салған жарығым», - деп келінін еркелетеді.
Оның бұл әрекеті көптің ықыласына бөленіп, жылы лебіздерін білдірді.
«Басқа ұлы жоқ па екен, менде қыз бар», «Мен де сіздей ене боламан, Алла бұйырса», «Күшті ене екен», «Өте күшті ене екен мына кісі», «Алла қаласа, қыздарымның болашақ енелері осылай еркелетсін», «Қыздарыма осындай ене бұйырсын, өзім де осындай ене болуға тырысамын. Біз көрмегенді балаларымыз көрсін», - деп жазды желі қолданушылары.