Ресей 15 мемлекетке әуе жолын ашуды жоспарлап отыр
Росавиация 15 шілдеден бастап халықаралық әуе рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РБК сайтына сілтеме жасап.
«Бірінші кезеңде Ресей 15 мемлекетке әуе жолын ашып, рейстерді жандандырмақ. Ең алдымен ТМД және ЕАЭО елдеріне рейстер шыға бастайды. Сонымен қатар Росавиация Еуропа елдері мен Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея арасындағы шекараны ашуды ұсынып отыр», - деп жазылған ақпаратта.
Ұсынысты коронавирусқа қарсы күрестің жедел штабы қарастырып жатыр. Сонымен қатар тізімдегі мемлекеттің келісімін алу көзделген.