Күдіктінің теріс діни ағым өкілі екені анықталды
Атырауда синтетикалық есірткі сатпақ болған теріс діни ағым өкілі ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ол Атырау облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасы мен ҰҚК департаменті бірге өткізген жедел-іздестіру операциясы кезінде қолға түсті.
«32 жастағы күдіктінің теріс діни ағым өкілі екені анықталды. Одан синтетикалық есірткі заттары, тыйым салынған діни әдебиеттер, қолдан жасалған жарылғыш заттарды дайындауға қажетті компоненттер тәркіленді», - деп жазылған хабарламада.
Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.