Меруерт Түсіпбаева Майра Ілиясованың өзіне негізсіз шүйлігіп, ауыр сөз айтқанын ерекше қозғап өтті
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева өнердегі әріптесі Майра Ілиясовамен арада келеңсіз оқиға болғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Меруерт Түсіпбаева Майра Ілиясованың өзіне негізсіз шүйлігіп, ауыр сөз айтқанын ерекше қозғап өтті.
«Осы орайда менің де айтар-қосарым бар, халқым. Дат! Семіз емеспін, бос сөз айтып күлдірмеймін, мас күйімде сахнаға шықпаймын, ең бастысы туфлиім де, арым да таза. Бірақ мен үшін бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ.
Әлибидің адвокаттарына, халықтың жинаған ақшасына қатысты өршіген дау-дамайдан кейін, жаздың күні Майра апай маған албасты деді, «Астарлы ақиқатта». Міне, мадениет деген осы болар.
Тек бұл жалғаннан ерте озған Мадина Ералиева әпкеме арналған бағдарлама болған соң әруағын сыйлап, түсірімнің аяғына дейін тып-тыныш қана отырдым, үндемедім, жауап қатпадым. Бірақ жаман болдым. Түсірімнен кейін Асхат Садырбайға сен кеше Майра апай келмейді дедің ғой деп ренжідім», - дейді Меруерт Түсіпбаева.
Айта кетейік, осыған дейін Майра Ілиясова мүшел жасында қандай трагедияға ұшырағанын айтып бергені хабарланған болатын.