Оқиға түнгі сағат 1 шамасында болған
Семейдегі Абай даңғылында 13 мамыр күні түнгі уақытта жеңіл көлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдын ала мәлімет бойынша, түнгі сағат 1 шамасында «Мазда» көлігінің 23 жастағы жүргізушісі Восточный ауылына қарай келе жатып, рульге ие бола алмай қалған. Көлік көшедегі жарық бағанасына соғылып, аударылып қалған.
Соққының ауырлығына қарамастан, зардап шеккендер жоқ. Дегенмен, енді қала инфрақұрылымына келтірілген материалдық шығын үшін жүргізуші жауап береді.
Полиция департаменті оқиғаның нақты себептері әлі анықталып жатқанын хабарлады.