Шетелдіктер Түрксіб ауданында ұсталды
Алматы қаласында заңсыз жұмыс істеп жүрген бір топ шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Рейдтер барысында заңсыз жұмыс істеп жүрген 15 шетел азаматы анықталды. Тексеру нәтижесі бойынша, шетелдіктерді жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жеке компания жалдаған.
Көші-қон режимін бұзушылардың барлығы ПД-нің қабылдап-таратуына орналастырылды.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалануды ұйымдастырған жұмыс берушілерді анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстарын жалғастыруда.
«Біздің басты міндетіміз – заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану заңды бұзып қана қоймай, қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Рейдтік шаралар тұрақты түрде жалғасатын болады», - деді, Түрксіб аудандық полиция Басқармасының бастығы Думан Аухадиев.