Ол ұмытылып бара жатқан ырым туралы айтты
Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова қарт кісі өмірден өткенде бұрын жұрт тиын шашқанын еске түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің анасы тиын шашудың басқа да себебі болғанын қозғап өтті.
«Қария кісілер өмірден өткенде тиын шашатын, біз ол кезде кішкентай болатынбыз, одан бері 45 жыл өтті, союздың кезінде тек айлыққа өмір сүрген. Мектепке де күнделікті 20, не 50 тиынға алатынбыз, сол тиынға келген пряник, пирожкиге тоятынбыз, 5-10 тиыннан болған соң. Қазір тиынға ештеңке келмейді, сол себепті ақша шашқан болар», - дейді Қайрат Нұртастың анасы.
Айта кетейік, осыған дейін қарт кісінің жаназасында ақша шашқан жұрт халықтың ашуына ұшырағаны хабарланған.