Дегенмен олардың бұл әрекеті халықтың сынына ұшырады
Желіде 103 жасқа толып, өмірден өткен әжейдің жаназасында жұрт ақша шашқаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарт анамыз 103 жасқа келіп қайтыс болды, ол кісінің жасын бізге де берсін деп видео жариялаған тұрғын халықтың сынына ұшырады.
«Мынау қай жерде екен? Масқара емес пе?», «Марқұмды құрметтеп, жақсы атпен аттандыру – әр адамның парызы. Бірақ бұл құрмет ысыраппен, даңғазамен өлшенбеуі тиіс», «Азып бара жатқан қазағым-ай», «Не болып бара жатыр мынау, имам қайда? Не сұмдық? Тамада сияқты», «Қаза ешқашан той болмайды», «Бір танысымызға осылай шаш дегенде «200ге келіп өлсе де, өлген менің шешем, қимаймын, қайғырамын» деп әдеппен шығарып салған», - деп жазды желі қолданушылары.