Ескерткіш ретінде ол өзіне жасалған қастандық уақытында бейнеленген сәтін таңдады
АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдегі кабинетіне өзінің ескерткішін орнатып қойды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Fox News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ескерткіш ретінде ол өзіне жасалған қастандық уақытында бейнеленген сәтін таңдады.
2024 жылдың 13 шілдесінде Батлерде (Пенсильвания штаты) жұрт алдында сөйлеп тұрған сәтінде Трампқа оқ атылған болатын. Оқ оның құлағын тесіп өткен. Атыс салдарынан 50 жастағы ер адам қаза тауып, митингке шыққан тағы екі адам жараланды. Оқ атқан адамды арнайы қызмет сол жерде өлтірген болатын. Атқан адам Бетел-парк тұрғыны Томас Мэттью Крукс екені анықталды.
Трамптың жұдырығын жоғары көтеріп тұрған сәті, үш құпия қызмет агенті оны сахнадан алып кетпек болғаны мүсінде бейнеленген.
Бұл фото 2024 жылғы президенттік сайлау науқанының шыдамдылық, батылдық пен табандылық үлгісі ретінде атап өтілді.
Биіктігі шамамен 30 сантиметр болатын қола мүсінді журналистер президент БАҚ өкілдерінің алдында жарлыққа қол қойған кезде байқаған.