Шымкентте қарсы бағытқа шығып жүруді әдетке айналдырған жүргізуші ұсталды (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Оның осыған дейін-ақ жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды

Фото: Видеодан скрин

Шымкентте қарсы бағытқа шығып жүруді жүйелі түрде әдетке айналдырған жүргізуші қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ер адам жол белгілерінің талаптарын елемей, авариялық жағдай туғызған. Сонымен қатар, маневр жасау ережелерін бұзып, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп және қарсы қозғалыс жолағына шыққан.

«Құқық бұзушы ұсталып, ӘҚБтК-нің сегіз бабы бойынша жауапқа тартылды. Оның осыған дейін-ақ жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Заңсыз қайта жабдықталған көлік құралы айыптұраққа қойылды.

Полиция жол жүру ережелерін қатаң сақтау жол-көлік оқиғаларының алдын алатынын еске салады», - делінген қалалық ПД хабарламасында.