Токиода домбырамен күй шерткен жапон жігіт қазақстандықтарды таң қалдырды (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Видео әлеуметтік желіде кең тарап, көпшіліктің ықыласына бөленді

Фото: Видеодан скрин

Токиода көшелердің бірінде домбырамен күй шерткен жапон жігіті қазақстандықтарды таң қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жапония астанасы Токионың көшесінде домбырамен күй шерткен жапон жігітінің видеосы әлеуметтік желіде кең тарап, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Бұл сәтті сол жерде жүрген қазақстандық азамат кездейсоқ түсіріп алған.

Өнерпаздың айтуынша, ол домбыра тартуды алғаш рет Ыстанбұлда бір қазақ азаматынан үйреніп, кейін Құрманғазы атындағы консерватория түлегімен тығыз жұмыс істеген. Содан соң бұл өнерді өз бетінше жетілдіріп, шеберлігін арттырған.