Отандасымыз WTA 1000 турнирінің үшінші раундтық кездесуінде жеңіліп қалды
Әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Римде WTA 1000 турнирінің үшінші раундтық кездесуінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлемнің 12-ші ракеткасының қарсыласы әлемдік рейтингте 121-орында тұрған канадалық теннисші Бианка Андрееску болды, оның «Үлкен дулыға» турнирінде бір титулы бар.
Кездесу 1 сағат 28 минутқа созылды. Қорытындысында отандасымыз екі сетте жалпы 2:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.