Оқиға Әл-Фараби ауданында болды
Шымкентте дәмханадан өрт шығып, түгі қалмай өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрт сөндірушілер дәмханадағы өртті ауыздықтады.
Өрт сөндіру қызметінің пультіне Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Б.Момышұлы көшесінде орналасқан екі қабатты ғимаратында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.
«Өрт есептоптарының оқиға орнына жеткен сәтте екінші қабатта орналасқан дәмхана шатырының ағаш конструкциялары жанып жатқан еді.
Өрт 250 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген ТЖМ хабарламасында.