Бүгін қазақстандықтар Аналар күні мерекесін атап өтіп жатыр

Автор: Мөлдір Қазыбай

Үкімет қаулысы 2023 жылы жарияланған

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда мамырдың екінші жексенбісі Аналар күні мерекесі атап өтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметтің 2023 жылы қол қойған қаулысына сәйкес, мерекелеу күні қыркүйектен мамырдың екінші жексенбісіне ауыстырылған.

«Отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасы және білім институтын нығайту мақсатында әлемнің көптеген елінде аталып өтетін ресми мерекелер – Аналар күні мен Әкелер күні біздің елімізде де бекітілді», - делінген Қазақстан үкіметінің 2023 жылғы мәлімдемесінде.

Айта кетейік, елімізде «Әкелер күні» маусым айының үшінші жексенбісінде тойланады.