«Қазгидромет» РМК синоптиктері болжам жариялады
Қазақстанның үш бірдей қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» РМК синоптиктері болжам жариялады.
«2025 жылғы 11 мамырда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Жезқазған, Балқаш қалаларында, түнде Атырау қаласында күтіледі», — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.