Алматыда жер сілкінісі болды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Қазіргі уақытта жер асты дүмпуінің сезілу көрсеткіші нақтыланып жатыр

Фото: depositphotos.com

Алматы қаласының тұрғындары жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаладағы ахуалға қатысты Алматының Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеме жасады. Қазіргі уақытта жер асты дүмпуінің сезілу көрсеткіші нақтыланып жатыр.

«Құрметті алматылықтар мен қала қонақтары! Алматыда сезілетін жер сілкінісі болды. Ұлттық ғылыми сейсмологиялық бақылау орталығының сейсмикалық станцияларының желісімен эпицентрі мен сезілетін көрсеткіші туралы ақпарат нақтылануда.

Қазіргі таңда тиісті мемлекеттік органдар хабардар етілді, ғимараттардың қирауына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізілуде. Жағдай тұрақты.

Жер сілкінісінің параметрлерін бастапқы ғылыми орталықтың сейсмологтары нақтылағаннан кейін және қосымша жеткізетін болады. Сабыр сақтаңыз!» - делінген хабарламада.