Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Автор: Дәулет Ботагөз

2,4 млн доллар тұратын метамфетамин тәркіленді

Фото: ҰҚК

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, Шығыс Азия елдеріне бағытталған халықаралық есірткі жеткізу арнасын әшкерелеп, тоқтатты. деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арнайы операция барысында 10 келіден астам метамфетамин тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, есірткінің бұл партиясының аталған аймақтағы қара нарықтағы құны 2,4 миллион АҚШ долларынан асады.

Қазір бұл дерек бойынша шетелдік серіктес органдар алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. КНБ мәліметінше, халықаралық есірткі трафигін жоюға бағытталған шаралар жалғасуда.

ҰҚК трансұлттық қылмыстық топтармен күрес аясында мұндай операцияларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.