Құтқарушылар 3000 метр биіктікте іздеу жұмысын жүргізді
Алматы облысы Талғар ауданының тауларынан түсіп, жолдан адасып кеткен 20 жастағы жігіт құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметіншеРеспубликалық жедел-құтқару жасағының тобы шақырту түскеннен кейін дереу "Медеу" бекетінен шығып, Кимасар шатқалындағы көпірге жетіп, одан әрі биіктігі 3053 метр болатын Фурманов шыңына қарай жаяу жүрді.
«Қатты жаңбыр, қалың тұман және көріністің шектеулі болғанына қарамастан құтқарушылар туристі тауып, оған қажетті көмек көрсетіп, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, елді мекенге жеткізді», - деп жазылған хабарламада.
Ол медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.