Іс-шара 14 мамырда аяқталады деп жоспарланып отыр
Астанада 8 мамырда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысқан жеке құрам мен әскери техниканы тұрақты орналасқан жеріне әкету іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әскери техника теміржол көлігімен де, өзін жүргізу арқылы да тасымалданады. Іс-шара 14 мамырда аяқталады деп жоспарланып отыр.
«Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына байланысты азаматтарды жалған ақпарат таратудан аулақ болуға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады», - деп жазылған хабарламада.