Жоба іске қосылған сәттен бастап функционалды модульдер іске асырылды
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік рәсімдерді цифрландырып, оңтайландыруға бағытталған Keden ақпарат жүйесін кезең-кезеңмен енгізуді жалғастырып келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аталған жүйе «Ашық және басқарылатын кеден» тұжырымдамасын іске асыру арқылы қолданыстағы «АСТАНА-1» және «Экспорт-импорт операциялар жөніндегі бірыңғай терезе» платформаларын алмастыруға арналған.
Цифрлы өзара байланыс және Keden интеграциясы кеден органдары мен сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары арасындағы толық цифрлы өзара іс-қимылды қамтамасыз етіп, бұл әкімшілік кедергілерді азайту мен тиісті рәсімдердің ашықтығын арттырады және тауарлар қозғалысының бақылауын күшейтеді. Қағаз құжат айналымын азайту үшін басқа мемлекеттік әрі коммерциялық жүйелерімен 30 интеграция жүргізіліп, бұл кеден операцияларын жүргізу кезінде қажетті деректерді автоматты түрде алуға жол ашты.
Жоба іске қосылған сәттен бастап келесі функционалды модульдер іске асырылды:
Бүгінде Keden жүйесі арқылы келесі көрсеткіштер тіркеліп отыр:
2025 жылдың соңына дейін жүйенің барлық функциясын, соның ішінде:
Keden жүйесі «бір терезе» қағидаттарын жүзеге асырып, пайдаланушыларға автотолтыру арқылы қажетті кеңестермен және форматты-логикалық бақылаумен ыңғайлы интерфейсті ұсынады, бұл рәсімдеу процесін айтарлықтай жеңілдетеді.
Сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары мен лауазымды тұлғаларға әдіснамалық және техникалық көмек көрсету үшін тәулік бойы жұмыс істейтін қолдау қызметі құрылды.
Keden АЖ қолдау қызметінің байланыстары: