Сайттар Instagram-нан сурет алу үшін автордың рұқсатын алуға міндеттеледі

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл қызмет сублицензия бермейді

Фото: ашық дереккөзден

Instagram өкілдері сайттар әлеуметтік желіден сурет алу үшін автордың рұқсатын алуға міндетті болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі The Verge басылымына сілтеме жасап.

«Екі фотограф авторлық құқықтың бұзылғанын айтып, сотқа шағым түсірген. Сол себепті әлеуметтік желі фотографтардың авторлық құқығын қорғауды қолға алды», - деп жазады басылым.

Компания Instagram-ды пайдалану ережесі сайттарға басқалардың жариялаған посттарын салуға сублицензия бермейтінін атап өтті.

Ars Technica сайтының хабарлауынша, Instagram өкілдері үшінші тараптың контентті белгілі бір мақсатта пайдалануы үшін автордың рұқсатын алуға міндетті екенін айтқан.

«Олар авторлық құқық иесінде лицензияның бар екеніне көз жеткізуі керек», — депті ол.

Айта кету керек, 1 маусым күні Элиот Макнакен деген фотограф суреттерін рұқсатсыз жариялаған Newsweek басылымын сотқа беріп, жеңіп шықты. Ал одан кейін басқа судья Стефани Синклер деген фотографтың шағымын негізсіз деп тапқан. Ол Instagram ашық дереккөз болғандықтан, үшінші тарап рұқсат сұрауға міндетті емес деп шешкен. Осы оқиғалардан кейін әлеуметтік желі авторлық құқықтың сақталуы үшін рұқсат алу мәселесін қарастыра бастады. Дегенмен, бұл ереженің қандай посттарға байланысты екені нақтыланбаған. Авторлық құқық туралы бөлімде пайдаланушы өз жазбаларын қолдануға рұқсат бере алатыны және тыйым сала алатыны жазылған.