Екі қабатты тұрғын үйде өрт шықты
Талдықорған қаласында Көктөбе көшесінде орналасқан екі қабатты тұрғын үйде өрт шығып, оқыс оқиға үлкен апатқа ұласпай, дер кезінде тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Өрт сегіз пәтерлі тұрғын үйдің шатырын шарпыған. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтап, үйден жеті газ баллонын сыртқа шығарып үлгерді. Бұл әрекет ықтимал жарылыстың және одан туындайтын үлкен қауіптің алдын алды.
ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер келгенге дейін кезекшілікте емес жүрген үш азамат — полиция қызметкері, ТЖД маманы және газ қызметінің өкілі — отқа оранған үйден үш баланы аман-есен алып шыққан.
Алдын ала болжам бойынша, өрт 250 шаршы метр аумақты шарпыған. Тұрғындар өздігінен эвакуацияланған. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.