Парад LED-экраннан көрсетіледі
Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтеді. Ел көлеміндегі бұл маңызды тарихи оқиғаны Семей тұрғындары да назардан тыс қалдырған жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыс орталығындағы Арбатта семейліктер арнайы орнатылған LED-экран маңына жиналып, салтанатты шараны тікелей эфирден тамашалады. Парад көру үшін қала тұрғындарымен қатар, ардагерлер, облыстық мәслихат депутаттары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйым өкілдері және жастар келді.
Айта кетейік, елордадағы әскери шеруге қатысу үшін Абай облысынан арнайы делегация барған. Оның құрамында еңбек және тыл ардагерлері бар 16 адам болды.
Бұл — ел тарихындағы маңызды сәттерге деген құрметтің, ұрпақтар сабақтастығы мен отансүйгіштік рухтың тағы бір көрінісі болды.