Маңғыстауда демалушылар тастарға жазу жазып, жағалауды қоқысқа толтырды
Бұл жолы 43-ші шақырымдағы жартастарға жазу жазып кеткен

Маңғыстау облысында демалушылар тағы да бұзақылық жасады. Бұл жолы 43-ші шақырым аумағындағы жартастарға жазу жазып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Граффитидің видеосы Instagram әлеуметтік желісіндегі пабликтердің бірінде жарияланды. Теңіз жағасына барған тұрғын бір топ демалушының қоқыс салынған қаптарды қалдырып, жартасқа қызыл бояумен «Ұштаған» деп жазып кеткенін атап өтті.
Әйел жазба авторлары Үштаған ауылынан (Маңғыстау облысы) демалысқа келген деген болжам айтты. Бұл жағдайға Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
«Жартасқа жазу жазып, қоқыс қалдырған тұлғаларды анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде. Аталған тұлғаларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік хаттама толтырылады», - деп хабарлады полиция.