Қай өңірлерде дабылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» сәрсенбі, 7 мамырға жасалған ауа райы болжамын ұсынды

Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде жел тұрып, тұман түседі, найзағай ойнайды деп болжап отыр. Дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел соғады, өрт қаупі өте жоғары.
Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейеді.
Семей, Тараз, Қарағанды қалаларында және Абай облысында өрт қаупі жоғары болады.
Ақтау, Ақтөбе, Петропавл, Жезқазған қалаларында және Ұлытау облысында күн күркірейді.
Шымкент, Түркістан, Қызылорда қалаларында, Түркістан, Қарағанды және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел соғады, өрт қаупі өте жоғары.