Сапар алдында жолаушылар вокзалдарда міндетті түрде қауіпсіздік тексеруінен өтеді
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қауіпті және тыйым салынған заттарды пойызға алып өту әрекеті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жолаушылар сапарға шығар алдында алып жүруге тыйым салынған заттардың тізімімен алдын ала мұқият танысу қажет.
Сонымен, пойызға қандай заттарды алып өтуге болмайды:
Сапар алдында жолаушылар вокзалдарда міндетті түрде қауіпсіздік тексеруінен өтеді. Бүгінде еліміздің ірі теміржол вокзалдары рентген-телевизиялық қондырғылармен, стационарлық және қол металл детекторларымен, сондай-ақ портативті анықтау құрылғыларымен толық жабдықталған. Сонымен қатар бейнебақылау, дабыл беру және күзет жүйелері үздіксіз жұмыс істейді. Жолаушылардың қауіпсіздігін тәулік бойы полиция қызметкерлері мен күзет ұйымдарының өкілдері қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда жоспарлы жұмыстар нәтижесінде «Тальго» пойыздарының 24 құрамында 1350 бейнекамера іске қосылды.