Тоқаев Ақордада То Ламды ресми қарсы алды

Автор: Асыл Арман

Ақордада Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысын ресми қарсы алу рәсімі өтті

Фото: Ақорда

Ақорда резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Ламды ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Бұдан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Вьетнамның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.