Рамазан Бутантаев аймақтың ең мықты қатысушыларын басып озып, алтын медаль иеленді
Маңғыстаулық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең үздік лингвисі атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев абсолютті жеңімпаз атанды. Ол аймақтың ең мықты қатысушыларын басып озып, алтын медаль иеленді.
Жалпы, Қазақстан құрамасы лингвистикалық олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті — 5 медаль және 3 Құрмет грамотасын жеңіп алды:
Құрмет грамотасымен марапатталғандар:
Лингвистикадан ҚР құрама командасының жаттықтырушысы — лингвистика және география пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпазы, Эберхард және Карл атындағы Тюбинген университетінің 2-курс студенті — Аида Давлетова.
APLO-2025 зияткерлік жарысына биыл Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты елдерден 500-ге жуық оқушы қатысты.