Ол енді таеквондо федерациясында жұмыс істейді
Асылхан Төлепов Қазақстан таеквондо федерациясының мәдени интеграциялар бойынша арнайы өкілі болды. Бұл туралы актердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бұл – мен үшін үлкен мәртебе. Себебі бұл ұйым спортты ғана емес, жас буынның рухын, тәртібін және отанға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеп жатыр», - деді Төлепов.
Ол жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысып, спортшылардың шеберлігіне және жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына куә болғанын атап өтті.
«Таеквондо — бұл жай ғана спорт емес, бұл болашағы зор қозғалыс. @qaz.tkd маған сенім артқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Жаңа белестерге бірге жетеміз!», - деп түйіндеді өнерпаз.