Мамандар тұрғындарды денсаулығына мұқият болуға шақырады
4 мамыр күні Алматы мен Атырау қалаларында ауаның ластану деңгейі жоғары болады. Бұл туралы “Қазгидромет” РМК мәлемдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2025 жылғы 4 мамырда Алматы және Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі», – делінген синоптиктер таратқан хабарламада.
Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін ауа райы құбылыстары. Бұған желдің бәсеңдеуі, тұман, ауаның жоғары қабаттарында инверсиялық қабаттардың түзілуі жатады. Мұндай жағдайда зиянды қоспалар атмосферада еркін таралмайды.
Мамандар тұрғындарға денсаулығына мұқият болуға және қажетсіз жағдайда далада ұзақ болмауға кеңес береді.