Әлеуметтік желідегі жұрт күйеу жігіт пен қалыңдықтың киімін талқылап жатыр
Блогер Сәкен Қағаров пен әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекованың үйлену тойы өтті, оған жас жұбайлар ерекше стильде киініп келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желідегі жұрт күйеу жігіттің тойға қысқа шалбармен келгенін сынға алып жатыр. Қалыңдықтың той көйлегі де көпке ұнамаған.
Олар «Бояушы, боуяшы десе, сақалын бояпты дегендей, не мынау енді?», «Шортымен де тойға баруға болады екен ғой», «Қандай креатив болса да өте өрескел екен», «Айжұлдыздың талғамы жоқ екен» деп жазып жатыр.