Көз жұмған әйелмен бірге тұрған: Алматыда бұрынғы полиция қызметкері адам өлтірді деген күдікке ілінді
Күдікті мойын және іш тұсынан пышақ сұғып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған

Алматы облысының бұрынғы полицейі тұрмыстық жанжал кезінде өзімен бірге тұрған әйелді өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы полиция департаменті адам өлтіру фактісін растады.
«Алдын ала анықталғандай, бірге тұратындар арасында отбасылық жанжал туындап, ер адам әйелді пышақтап өлтірген. Содан кейін күдікті мойын және іш тұсынан пышақ сұғып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Күдікті қылмыс орнында ұсталып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады полиция департаменті.
Полиция департаменті ер адамның бұрын Алматы облысының полиция департаментінде қызмет еткенін, бірақ жағымсыз себептермен жұмыстан босатылғанын атап өтті.
«Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде», - деп түйіндеді полиция.