Астанада оқушы қызды автобус қағып кетті: тағы бір жолаушы жарақат алды

Автор: Дәулет Ботагөз

Кішкентай қыз жолдан өтіп бара жатқан 

Фото: Azattyq Rýhy

Астанада жолаушылар автобусы жолдан өтіп бара жатқан оқушы қызды қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Telegram-дағы Kris_p_astana арнасының мәліметінше, оқиға жол ережелеріне сай белгіленген өткелде болған. Алайда белгісіз себептермен автобус жүргізушісі уақытында тежегіш басып үлгермеген.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан қыз бала түрлі жарақат алып, дереу балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Сондай-ақ, автобустың салонда болған бір жолаушы да қатты тежеу кезінде жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілген.

Қазір жол-көлік оқиғасына байланысты тексеріс жүріп жатыр. Астана қалалық полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады.