Қостанайда екі көлік соқтығысып, екі адам жараланды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Жол-көлік оқиғасы Майлин мен Пушкин көшелерінің қиылысында болды

Фото: Қостанай облысы ПД

Қостанай қаласында екі көлік соқтығысып, екі жүргізуші жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол-көлік оқиғасы Майлин мен Пушкин көшелерінің қиылысында болды. Қазір жол апатына қатысты полиция тексеру жүргізіп жатыр.

2 мамыр күні кешке Қостанайдағы Майлин мен Пушкин көшелерінің қиылысында Lada Granta және Chevrolet Cobalt автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

«Соқтығысу салдарынан екі адам дене жарақатын алды. Оқиға орнына полиция мен шұғыл қызмет мамандары жедел келді.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайлары мен себептерін анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде», - делінген облыстық ПД хабарламасында.