01.05.2025, 22:41
Жаңалықтар
«Қай жақтың мектебі?»: желіде жас қыздардың ашық киініп, билеген видеосы тарады
Оқиғаның нақты қай жақта болғаны белгісіз
Фото: Видеодан скрин
Әлеуметтік желіде бойжеткен қыздардың тым ашық киініп, киініп билеген видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаның нақты қай жақта болғаны белгісіз. Ал желіде тараған мәліметтерге сүйенсек, мектептердің бірінде болған болуы мүмкін.
«Қай жақтың мектебі мынау?», «Білім басқармасы қайда қарап отыр?», «Біздің мектепте бүйтіп билесең документтіңді ұстатып жібереді», «Оқушылар ма? Түнгі клубтың қыздары ма?», «Мектепке ұят болды», «Мектеп болсын, басқа жер болсын, қыз бала барын көрсете берсе, не болады?» - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін жасөспірімдердің аяғы ауыр Ерке мен Раймға пародия жасаған видеосы тарағаны хабарланған болатын.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды