Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Павлодарда жеңіл көлік мотоцикл мінген жас жігітті қағып кетіп, бір адам зардап шекті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жол-көлік апатынан жас жігіт зардап шекті. Оқиға бүгін сағат 18:42-де болды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат салдарынан зардап шеккен 19 жастағы жас жігіт №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.