Талдықорғанда алапат өрт: пластик зауыт қызыл жалынға оранды
Өрт орнында жедел штаб құрылып, 3 жауынгерлік учаске жұмыс істеді

Талдықорғанда Шығыс өнеркәсіп аймағында орналасқан пластикті кәдеге жарату цехы алапат өртке оранды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, өрт сөндірушілер жоғары дәрежеде жұмыс істеді. Өрт орнында жедел штаб құрылып, 3 жауынгерлік учаске жұмыс істеді. Өрт бірнеше сағаттан кейін оқшауланды.
Өрт сөндіру материалдардың жоғары жанғыштығымен, желдің екпінімен және сусыз аймақпен қиындаған.
«Алайда өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында жағдайды бақылауға алып, оның одан әрі таралмауына жол бермеді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», – делінген хабарламада.
Оқиға орнында жеке құрамның 40 адамы және 13 бірлік техника бар. Басқа объектілерге қауіп төнген жоқ.