Таеквондодан клубтар арасындағы ашық Азия чемпионаты өтіп жатыр
Қытайдың Уси қаласында таеквондодан клубтар арасындағы ашық Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар бір алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
57 келіге дейінгі салмақта Мария Севостьянова чемпион атанды. 87 келіден жоғары салмақта Бейбарыс Қаблан күміс медаль иеленді.
Альтаир Өмірбеков (74 келіге дейін), Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) және Нодира Ахмедова (49 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.
Клубтар арасындағы Азия чемпионатына 14 елден 219 спортшы қатысуда.