«Бұйырса, баламыз болады»: актер Жаһан Отарғалиев қуанышты жаңалығын жариялады

Автор: Мөлдір Қазыбай

Актер баспаналы болып жатқанын айтып, жаңа үйін көрсетті

Фото: Instagram/zhahan_utargaliyev

Танымал актер Жаһан Отарғалиев отбасында болып жатқан қуанышты жаңалығын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Актер баспаналы болып жатқанын айтып, жаңа үйін көрсетті.

«Бұйырса, біздің баламыз болады деген күнге, сен солай айтатын күнге жетейік. Сен барлық жерде маған қолдау көрсеттің. Аллаға мыңда бір шүкір, сол үшін саған көп-көп рақмет. Алла разы болсын!

Кішкентай жаңалық. Біздің енді өзіміздің үйіміз бар», - деді Жаһан Отарғалиев.

Айта кетейік, Жаһан Отарғалиев ажырасып кеткен соң 1,5 жылға жуық уақыт салып, қайта үйленгені туралы хабарланған болатын.