Өскеменде құс фабрикасының маңына лас су төгілгені анықталды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Мамандар экологияны ластаушы заттардың бар-жоғын анықтау үшін сұйықтық пен топырақ үлгілерін алды

Фото: Видеодан скрин

Өскеменде экологтар құс фабрикасының аумағына ағынды судың төгілгенін анықтады. Экология департаментінің қызметкерлері ақпаратты растады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сәуірдің 27-сі күні әлеуметтік желіде Өскемендегі құс фабрикасының ағынды суы айналаға төгілгенітуралы ақпарат жарияланды.

«Жедел әрекет ету үшін мамандар табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен бірге оқиға орнына аттанды. Аумақты тексеру барысында факті расталды», - деп хабарлады ШҚО экологиядепартаментінің баспасөз қызметі.

Мамандар экологияны ластаушы заттардың бар-жоғын анықтау үшін сұйықтық пен топырақ үлгілерін алды.

«Зертханалық зерттеу нәтижесі бойынша тәртіп бұзушыға тиісті шаралар қолданылады», - деді департамент.