Оның бұл пікірімен жұртшылық келіспейтінін айтты
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы сахнада келбетті, сұлу адамдар болуы керек деп мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол өз көзқарасында әдемілік қандай болуы керек екенін түсіндіріп берді.
«Менің жеке пікірім – сахнада әдемі адамдар болуы керек. Себебі, сахна маған арналған. Мен бұл ойымды ешкімге таңбаймын. Ал өзім сахнада әдемі адамдар болуы үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын.
Мен үшін әдемілік, ол – классика. Ол – ұзын қол, ұзын саусақ, ұзын аяқ, әдемі жүріс, сымбаттылық, әдемі тері, әдемі құлақ, көз, шаш, маржандай тіс, әдемі дауыс, қойылған дикция. Міне, осының бәрі мен үшін әдемілік болып есептеледі», - дейді Баян Мақсатқызы.
Ол сөзін жалғай отырып, ұсқынсыз адамдар сахнаға шығуы үшін не істеуі керек деген пікірге жауап беріп өтті.
«Олардың да сахнаға шығатын мүмкіндігі бар. Бірақ менің продюсерлігіммен емес. Мен бұл іспен 20 жылдан бері айналысып келемін. Сол себепті менің қыздарым неліктен табысқа жетіп жатқанын білемін. Ең алдымен олар өзінің келбетіне көңіл бөледі», - дейді Баян Мақсатқызы.
Продюсердің бұл пікірімен көпшілік келіспейтінін ерекше айтып өтті.
«Сахнада кескін-келбетіне қарамастан талантты адамдар болуы керек», «Менің ойымша сахна талантты адамдарға арналған», «Сонда талант, харизма, энергия қайда қалды?», «Сіздің қыздарыңыз қандай жетістіктерге жетті?», «Баян, сізге тәнтімін, бірақ бұл сөзіңізбен мүлдем келіспеймін», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін Баян Мақсатқызы Айгүл Иманбаеваны танымал ету үшін қысқа киіндіргенін айтқан.