$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жетісу» волейбол командасының қыздары Азияның Чемпиондар лигасында алғаш рет алтын медаль иеленді

Олар финалда вьетнамдық «Бин Дьен Лонг» командасын 3:1 есебінен ұтты

«Жетісу» волейбол командасының қыздары Азияның Чемпиондар лигасында алғаш рет алтын медаль иеленді
Фото: Жетісу облысының әкімдігі

«Жетісу» волейболшы қыздары Азияның клубтық Чемпиондар лигасындағы тұңғыш алтын медалін иеленді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жетісу» Филиппин елінде волейболдан әйелдер командалары арасында өткен Азияның Чемпиондар лигасында топ жарды. Ақтық сында талдықорғандық спортшылар вьетнамдық «Бин Дьен Лонг» командасын 3:1 есебінен ұтып, өз тарихында тұңғыш рет Азия Чемпиондар лигасының алтын медаліне қол жеткізді.

Еске салсақ, «Жетісу» командасы бұған дейін Азияның клубтық Чемпиондар лигасына тоғыз рет қатысып, екі мәрте – 2010 және 2013 жылдары күміс медаль алған болатын. Ал биылғы чемпионатта алтыннан алқа тағып, осылайша жетісулық команда алдағы қыркүйекте Таиландта өтетін клубтық Әлем чемпионатына жолдама алды.

Атап өтсек, Азия Чемпиондар лигасына Қазақстан, Таиланд, Филиппин, Қытай, Вьетнам, Қытай, Гонконг, Иордания және Иранның үздік әйелдер клубтары қатысқан болатын.

Серіктес жаңалықтары